Парламент "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының артықшылықтары мен иммунитеті туралы конвенцияны бекіту туралы" заңды қабылдады

Заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен оның лауазым иелеріне дипломатиялық миссияларға қабылдаушы ел тарапынан берілетінмен бірдей негізгі иммунитеттер мен артықшылықтарды береді. Атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, оның мүліктері мен активтері кез-келген әкімшілік және соттық араласуға қарсы иммунитетке ие. Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарының мекен-жайлары мен көлік құралдары, әкімшілік мұрағаттары мен құжаттары тінту, реквизиция, тәркілеу сынды әрекеттерге қарсы иммунитетке ие. Сонымен бірге, конвенцияға сәйкес Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, оның активтері мен кірісі, басқа да мүліктері тікелей салықтар мен алымдардан босатылады.