"Сенаттың түзетулері редакциялау және нақтылау сипатында, олар заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді",- деді мәжіліс депутаты Сергей Жалыбин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжат сот-сараптамалық қызметті тәуелсіз әрі обьективті жүргізу үшін заңнаманы жетілдіруді көздейді. Атап айтсақ, қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес сарапшылар кәсіби шеберлік жөнінен емтихан тапсырумен бірге аттестациядан өтуге тиіс. Ал түзетулер сарапшыға кәсіби шеберлік жөніндегі емтиханнан өте сала бірден сот сараптамасын жүргізуге құқық береді. Ал аттестациялау шарасын бес жылда бір мәрте өткізіп тұру көзделген.
Сот-медициналық сарапшыларды аттестациялау шарасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан жасақталған комиссияға, ал сот сараптамасы орталығының сарапшыларын аттестациялауды әділет министрлігінің комиссиясына жүктелді.