Бұған дейін түзетулерді мәжіліс мақұлдаған болатын. Сөйтәп заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжаттың мақсаты - төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Мәселен, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңда тиісті уәкілетті органның осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыретін нақтылау ұсынылған.
"Өрт қауіпсіздігі туралы " заңда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлектетік органдардың құзыретін нақтылай түсу, мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарында қызметтен өту тәртіптері, құқықтық ережелері мен мәртебесін жан-жақты көрсету ұсынылған.
Сондай-ақ, заң жобасымен өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органның қызметіне байланысты басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.