Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Елбасының жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жасалған. Өзгерістер бірінші кезекте жинақталуы тиіс қаржы мөлшерін келісім-шартында көрсетілген соманың 50 процентінен 25 процентіне дейін азайтуға, ал республикалық бюджеттен салымдарға сәйкес төленетін сыйлық мөлшерін 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға бағытталады.
Сенат түзетулерінің салыстырма кестесіне 13 мәселе енгізілген. Ұсыныстардың басым бөлігі редакциялық және нақтылау сипатында. Сонымен қатар заңгерлік техникаға қатысты түзетулер енгізілген.