Парламент түзету мекемелерін қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Сөйтіп, заң жобасы қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Әділет және Ішкі істер министрліктері арасындағы өкілеттілік аясын шектеуге саяды", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне ер адамдарды қамауға арналған түзету мекемелерін күзету, ал қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне әйелдерді қамауға арналған тәрбиелеу колониялары, тергеу абақтылары мен түрмелер секілді түзету мекемелерін қорғау міндеті жүктеледі", -делінген құжатта.