Бұл шешім үшін отырысқа қатысқан депутаттар - 37 сенат депутаты мен 66 мәжіліс депутаты - толық қолдап дауыс берді.
Ата заңымызға сәйкес, жаңа премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде президентке үкімет құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс жасауға міндетті.
Сонымен қатар, үкімет басшысы парламентке өзі тағайындалған мерізімнен кейінгі бір ай ішінде үкімет бағдарламасы туралы баяндама жасауы тиіс.
Бұрын хабарлағанымыздай, Даниал Ахметов үкіметінде бірінші вице-премьер лауазымын атқарған 41-жастағы К.Мәсімовты бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысы лауазымына ұсынған болатын. Үкіметте К. Мәсімовтің атқарған вице-премьер лауазымына бұған дейін экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін басқарған Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды. Ал бұрынғы үкімет басшысы Даниал Ахметовқа азаматтық қорғаныс министрі лауазымы ұсынылды, қорғаныс мекемесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Алтынбаев ендігі жерде армия бас штабын басқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті