Парламент үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті

Бұл шешім үшін бірлескен отырысқа қатысқан депутаттар, соның ішінде сенаттың 35, мәжілістің 53 депутаты толық дауыс берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда осыдан бір ай бұрын үкімет басшысы болып тағайындалған Кәрім Мәсімов ел Конституциясына сәйкес үкіметтің таяу жылдарға арналған бағдарламасын таныстырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті