Парламент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті

Келісімнің мақсаты Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерін пайдалану және жан-жақты қамтамасыз ету, шұғыл әрекет ету негіздерін құқықтық реттеу болып табылады.

Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштер әскери басқыншылыққа жауап қату, бірлескен жалпы әскери, контртеррорлық және арнаулы іс-шараларға қатысу, соның ішінде Орталық Азия өңірі елдерінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап қатуына арналған.

Келісімге 2006 жылдың 23 маусымында Минск қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.