Парламент "Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының шеңберіндегі ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптардың ақпараттар алмасқан кезде құпиялықты сақтау жөніндегі өзара міндеттемелері заңдастырылады. Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының хатшылығында құпия ақпаратпен жұмыс істеу және құпиялық режимін қамтамасыз етуді бақылау тәртіптерін айқындайтын нормативтік акті мен ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шараларды жобалау көзделген.
Келісімге 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойылды.