Конвенцияны ратификациялау лаңкестікпен және халықты жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастыққа негіз қалайды.
Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттер барлық елдердің атом қуатын бейбіт мақсатта дамыту мен пайдалану құқығы мен олардың атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланудан пайда табуға деген заңды мүддесін мойындайды.
Конвенцияның 6-бабына сәйкес, "конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет осы конвенцияның әсері аясына жататын қылмыстық әрекеттер, атап айтқанда, халық арасында, адамдар тобы немесе нақты бір адамдар арасында террор ахуалын туғызуға бағытталған немесе соған есептелген қылмыстық әрекеттер қандай жағдайда да саяси, нәсілдік, ұлттық, діни немесе басқа да осы тектес сипатта ақталмауын қамтамасыз етуге қажетті болуы мүмкін және қылмыстың ауырлығына сай келетін лайықты жаза жүктеуіне қажетті барлық шараны қабылдайды".
Конвенцияға 2005 жылдың 14 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.