"Сенаттан 88 позиция бойынша ұсыныстар келіп түсті. Оның 25-і редакциялық және нақтылау сипатында. 33 ұсыныс заң жобасы нормаларын заңгерлік техника талаптарына сәйкестендіруге бағытталған. Тұжырымдамалық сипаттағы ескертулер мен ұсыныстар жоқ. Сол себепті комитет сенаттың түзетулерін қолдап, заң жобасын қабылдауды ұсынады",- деді палатаның жалпы отырсында сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалинов.
Регламентке сәйкес, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының басты идеясы өнім мен оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын міндетті және нұсқамалық талаптардың белгілеу мен қолдану мәселелеріне халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика талаптарына сай келетін жаңаша көзқарастарды қолданысқа енгізуге саяды.
Құжатқа сәйкес, заң жобасының мақсаты "мемлекет тарапынан өнім мен оның тіршілік циклі процестеріне адамның өмірі денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей біртұтас талаптарды белгілеу; өнімнің адам денсаулығы мен өміріне қатер төндірмеуін қамтамасыз етуге жағдай жасау" болып табылады. Сонымен бірге заң жобасы нормаларымен "үкімет пен басқа да мемлекеттік мекемелердің техникалық реттеу мәселелері бойынша құзыреті аясын шектеу; сауда-саттық жолындағы әкімшілік және техникалық тосқауылдарды жоюға түрткі болу" мүмкіндігі жүзеге асады.
Қазақстанда техникалық реттеудің жаңа жүйесіне көшуді 2010-жылы аяқтау межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті