Парламент зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

Түзетулер ел президентінің, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін күшейту мақсатындағы соттардың IV сьезінде жасаған баяндамасында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін енгізілуде.

Заңға сәйкес, судьялардың зейнетақы қорларына айлық табыстарының 10% көлемінде республикалық бюджеттің есебінен қосымша міндетті зейнетақылық жарна белгілеу қарастырылған.

"Бұл заң жобаны жүзеге асыру шығындары 2007-жылдың бюджетінде қарастырылған",-деген болатын осы заң жобаға қатысты қосымша баяндама жасаған мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті