Парламент "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады

"Бұл заң жобасы Қазақстанның Ата заңының 89-бабына толық сәйкеседі. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында жргілікті өзін-өзі басқару мойындалады және ол тұрғындардың жергілікті тауқыметтерді өз бетімен шешу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі",- делінген заң жобасын берілген түсініктемеде.

"Заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың жүйесі мен кепілдіктерін, іс-қызметін ұйымдастыру принциптерін, құқықтық мәртебесін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазым иелерінің жауапкершілігін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар арасындағы ықпалдастықты айқындайды",- делінген құжатта.

Жаңа заң жобасының бастамашыларының айтуынша, заң нормаларын жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті