Бұл құжат қолданыстағы заңнаманы "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заңмен сәйкестендіруге бағытталған ілеспе заң. Онда Азаматтық және Жер кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне, сондай-ақ, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Әділет органдары туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу көзделген.
"Заңды қабылдау тіркеуші органдар жүйесін реформалауға, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты қорғау жүйесін нығайту, тіркелген құқықтарға кепілдік беруге мүмкіндік береді",- делінген сенаттың мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті