Парламентке Көлік Кодексінің жобасы ұсынылды

"Өзге салалармен салыстырғанда көлік саласына кодификация ауадай қажет. Бүгін көлік және коммуникация ортасын сегіз салалық заң реттеп отыр. Көлік заңдылығын кодификациялау жеке заңдық ережелерді біртұтас заң актісіне біріктеретін еді",-деді ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров.

Көлік кодексі "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы", "Авиация мен әуе кеңістігін пайдалану туралы", "Автомобиль жолдары тураы", "Көлік туралы", "Сауда теңіз көлігі туралы", " Ішкі су көлігі туралы", " Автомобиль көлігі туралы", "Теміржол көлігі туралы" заңдары енбекші.

Құжат жобасында мемлекеттік өкілетті органдар мен ұшудың қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау инспекторлардың міндеттері мен құқықтарын реттейтін, сонымен қатар, әуе кемелерін мемлекеттік реестрде тіркеу туралы, әуе кемелерінің пайдалануға жарайтыны туралы куәліктер беру туралы ережелер бар. Сонымен қатар ұшу қауіпсіздігінің талаптарын күшейту, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, алайда пайда әкелмейтін әуе бағыттарына субсидия жасау қарастырылған.

Теміржол көлігі саласына қатысты Кодекске теміржол арқылы тасымалдау кезінде кедендік және шекаралық органдарды жұмылдыру сияқты ережелер енгізілген.

"Көлік Кодексін қабылдау Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын 2015 жылға дейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді",-деп атап өтті А. Бектұров.

Көлік Кодексінің жобасын парламент қабылдап алды. Заң шығару процедурасына лайық құжат арнайы жұмыс тобының мәжілістерінде талқыға түспек. Одан кейін ол төменгі палатаның жоспарлы отырысына ұсынылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті