Парламентке "Тауар биржасы жөніндегі" заңның жаңа редакциясы ұсынылды

Заң жобасын ұсынған индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, 1995 жылы қабылданған " Тауар биржасы туралы" заң бүгінгі күннің талабына сай болмай қалды. "Сондықтан да заң жобаның басты мақсаты қазіргі талаптарға және заңға сәйкес тауар биржаларының қызметтерін реттейтін заң шығару",- деп атап өтті Ж.Айтжанова.

Заң жобасында тауар биржасының жеке заңды тұлға ретіндегі ұйымдастыру құқықтық ережелері көрсетіледі. Сонымен қатар биржа саудасының принциптері айқындалады. Вице -министрдің айтуынша, бұл - "биржа келісімдерінің еріктілігі, биржа саудасына қатысушылардың тең құқылылығы, ұсыныс пен сұранысты ескере отырып тауар биржасында бағаны еркін қалыптастыру , шынайы бәсекелестік".

Заң жобасына сәйкес, биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Тауар биржалары әмбебап және арнаулы болады. Арнаулы тауар биржаларында сауда нысаны ретінде өзара ауыстырылатын биржа тауарлары болуы керек.

Жалпы алғанда заң жобасы тауар биржаларын құру және қызметтерін реттеу тәртібін айқындайды, үкімет пен құзырлы органдардың міндеттерін белгілейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті