Парламентшілер Ангела Меркельге Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етеді

деп хабарлайды ҚР Парламенті палатасының  баспасөз қызметі.

Елшімен әңгіме барысында Мәжілістің парламенттік  делегациясының жақын уақытта Германияға жасайтын сапары жайы талқыланды. 

Сапар мақсаты - Германия федералдық канцлері Ангела Меркельге  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017-2018 жылдары  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілетуге қатысты жолдауын табыс ету.

Вице-спикер алдағы сапардың маңыздылығына көңіл бөле келіп, Германия мен Қазақстанның жақын әрі сенімді әріптестер екенін атап өтті. Біздің елдеріміздің екіжақты қарым-қатынасы тұрақты саяси үнқатысу, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жүйелі кеңейту жолында дамып келеді. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту да назардан тыс қалмады.

  «Ғаламдық қауіпсіздік мәселелерінде, әріптестік, достық қатынасты, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда өзара іс-қимылды дамытуда біздің елдеріміздің ортақ көзқарасы бар.  Олардың барлығын Германияға сапарымыз барысында және делегация бағдарламасында белгіленген кездесулер кезінде талқылайтын боламыз,-деді Дариға Назарбаева.

Өз кезегінде елші  Германияның Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын қолдайтынын және біздің елімізбен ықпалдастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендігін алға тартты. 


Кездесу барысында тараптар  әріптестік басымдықты сөз етіп, екі ел арасындағы байланысты, соның ішінде, парламентаралық дипломатияны жаңа белеске көтеру қажеттілігін атап өтті. 

Жүздесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев та қатысты.