Парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде жағымды роль атқара алады және солай болуға тиіс - Мәжіліс спикері

"Қазір бізге нақты салалар бойынша диалогты дамыту әдістері бойынша ойлау қажет... Қазіргі қатерлердің жаһанданғаны соншалықты, ел үкіметтерінің оған жекелеп қарсы тұруы мүмкін болмай қалды. Сол себепті де мұндай парламенттік ынтымақтастық біз үшін аса маңызды", - деді А. Мусин.

"Мұндай жағдайда, парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде өзінің позитивті рөлін атқара алады және солай істеуі керек", - деп атап көрсетті ол. "Осы сессияның біздің елімізде өтіп отырғанының өзі еркін әлемнің шегін кеңейту бойынша ЕҚЫҰ саясатының ашықтығы мен бірізділігінің дәлелі", - деп атап көрсетті ҚР парламентінің төменгі палатасының спикері.