Парламенттің бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы ант береді

Бұдан бұрын да хабарлағанамыздай, парламент палаталарының бірлескен отырысы екінші шақырылған парламенттің соңғы алтыншы сессиясының ашылуына арналады. Екінші шақырылған парламент депутаттарының өкілеттілік мерзімі 2004-жылдың желтоқсан айына дейін созылады. 19-қыркүйекке белгіленген мәжіліс депутаттарының сайлауында жеңіске жеткен халық қалаулылары 1-желтоқсанда үшінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына жиналады.