"Біздің мақсат - елімізді қарқынды модернизациялау. Өткен 15 жылда біз әжептәуір табыстарға қол жеткіздік. Дегенмен, жаҺанданған дүние жүзі тіптен тез қарқынмен дами түсуде. Біз тіпті технологиялар мен жаңалықтардың дамуына ілесе алмай да қалдық",- деді президент. "Тек ынтымақ-бірлік, сенім мен қоғамдағы тұрақтылық қана бізді табысқа әкеле алады",- деді ол. "Біртұтас партия елімізді бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына ену жөніндегі стратегиялық мақсатты жүзеге асыратын басты тіректерінің біріне айналуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.
Президенттің пайымдауынша, "Отан", "Асар" және Азаматтық партиялардың бірігуі "қазақстандағы партиялық жүйенің тариыхында жаңаша беттерді ашады". "Бізге бұқараның жаппай қолдауына ие болған, қуатты интеллектуалдық ресурстары бар партия қажет",- деді Н.Назарбаев.
"Мақсаттары жақын партияларды біріктіру - заңды қадам",- деді президент.
Елбасының пікірінше, "жалпыұлттық партия құру - еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру үшін айрықша маңызды".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті