Партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауының нәтижесінде "Отан" партиясы сайлаушылардың 60 процентінен астамының дауысын жинады - Орталық сайлау комиссиясы

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, "Отан" өкілдері партиялық тізім бойынша депутаттарға қарастырылған 7 орынды иемденеді.

Сайлаушылардың 12,04 процент дауысын жинап екінші орынға шыққан "Ақ жол" партиясы бір орынға ие болмақ. Ал үшінші орында 11,38 процент дауыс жинаған "Асар" партиясы. Бұл партияның үлесіне де бір орын тиеді. Сайлаушылардың 7,07 процент дауысын жинаған "АИСТ" блогы бір орынды жеңіп алды.