Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс өзінің тиімділігін дәлелдеді - Мусин

"Партиялық тізім бойынша құрылған мәжіліс өзінің тиімділігін және әрекетке қабілеттілігін дәлелдеді", -деп мәлімдеді А. Мусин.

"Нұр Отан" ХДП-ның депутаттық фракциясы өзінің халық алдындағы және өз көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдындағы үлкен жауапкершілігін сезініп, бүгінде мәжілістің жұмысында жоғары ұйымдастырушылық және біріктірушілік ролін паш етуде", - деді ол.

Спикер сондай-ақ, "мәжілістің жанынан құрылған қоғамдық палата да өзінің қабілеттілігін дәлелдеді", деп мәлімдеді. "Бүгін оның мүшелері заң шығарушылық жұмысқа белсене атсалысуда. Бұл қоғамдық институттардың билікке ықпалының өсе бастағанының айғағы", -деді А. Мусин.