Пашинян Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қол қойылған шарттарға сүйене отырып, біз ресейлік арналардан Армения мен оның мүдделеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа бағалай отырып, бірнеше рет сұрауға, содан кейін бірнеше рет талап етуге дайынбыз. Егер жетінші рет біздің талабымыз еленбесе, онда бұл арналардың барлығы өшіріліп, Арменияда таратылуы тоқтатылуы керек», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеген еді.