ПАУЭРЛИФТИНГ: Әлем біріншілігінде қазақстандық атлеттер14 рет рекорд жаңартты

«Өткен жылы командамыз жалпыкомандалық есепте үшінші орынға іліккен еді. Биыл міне, қараша айында Маямиде өткен әлемдік додада бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға ие болдық» - деді Қазақстанның Пауэрлифтинг федерациясының президенті Максим Баспаев. 

Оның айтуынша, соңғы кезде спорттың бұл түрі бұқаралық сипатқа ие болуда. Сондықтан үздік атану оңайға соқпайды.

«Соңғы Әлем біріншілігіне кейбір елдерден 50-ден астам спортшы келді. Ал біздің команда сапында 16 атлет қана өнер көрсетті. Соған қарамастан жоғары нәтижеге қол жеткіздік» -деді М. Беспаев.

Марианна Гаспарян команданың белді атлеті. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде жалпы есепте 510 келі көтеріп, (зілтемірді иығына қойып, тізесін бүгіп көтеруден - 205 келі, ал шалқадан жатып, екі қолмен сығымдап көтеруден - 115 келі және белін тік ұстап, жерде жатқан зілтемірді тізесін бүгіп көтеруден - 190 келі) Әлемнің абсолютті чемпионы атанды.  


Жалпы осы Әлем біріншігінде қазақстандық атлеттер 14 әлем рекордын жаңартып, 20 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль олжалады.