Павлодар әкімшілігінің шенеунігіне пара алды деген күдік келтірілуде

Шенеунік мал қорымын салу жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жеткен жекеменшік ЖШС-не көмек беру үшін 650 мың теңге сұраған, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттен.

Ол параның бір бөлігін, яғни 300 мың теңге алу кезінде ұсталды, деп атап өтті ведомстводан.
Шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалған, сейсенбіде ол сот санкциясына орай қамауға алынған.