Caravan Logo

Павлодар: әскери бөлімшенің келісімшарт бойынша әскери қызметкерінің өлім себебі анықталды

Павлодар: әскери бөлімшенің келісімшарт бойынша әскери қызметкерінің өлім себебі анықталды

«20 маусымда ол (әскери қызметкер – ҚазТАГ) әскери қызметтестерімен бірге режимдік объектіні күзеткен. Бір кезде өзін нашар сезінген. «Жедел жәрдем» шақырылды, бірақ жігіт көмек жетпей жатып, көз жұмған», – деп хабарлады Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Алмас Тәукебаев дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, 22 жастағы келісімшарт бойынша әскери қызметкердің Павлодар облыстық ІІД арқылы әскерге шақырылғанына 2 ай болған, дәрігерлер оны барлық көрсеткіштер бойынша әскерге жарамды деп таныды.

Сонымен бірге, әскери прокурор ақырғы қорытынды сот-медициналық сараптама аяқталған соң белгілі болатынын айтты.