Павлодар ауданы әкімінің орынбасары кепілдік ақша төлесе, абақтыдан бүгін шыға алады

1982 мың теңге кепілдік енгізген уақытқа дейін қамауға алынуын санкциялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне қорғаушы Светлана Ковлягина.

Сот қаулысы жарияланған соң жалған лаңкестікте күдікті танылған азаматтың туыстары кепілдік ақша жинауға кетті.

Қорғаушының айтуынша, сот қаулысында айтылғандай, кепілдік салынған соң, Бахралинов қамаудан шығарылады.

С.Ковлягина Алмаз Нұрбаевтың ҚР Бас прокуратурасына хаттарды Бахралиновтың тапсырысымен жібергені туралы айтқанынан басқа оның қорғалушысының жалған лаңкестік туралы іске қатысу фактілері ұсынылмағанын атап өтті. Алайда тергеуші Мұқашев жарияланбаған жедел-іздеу шараларының қорытындылары бар екенін, алайда олар әзірге құпия сақталып отырғанын айтып отыр.

«Егер олар құпия сақталса, тергеушінің қолына қалай түскен?», - деп таңданысын білдірді қорғаушы.


Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Успен ауданының тұрғыны поштамен ҚР Бас прокуратурасына Павлодар облыстық прокуратурасына салынған жарылғыш зат туралы ескерту хатын жіберген. Ғимаратта ешқандай жарылғыш зат табылмады. Кейіннен сот үкімі бойынша А.Нұрбаев жалпы режімдегі колонияда бір жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.