Павлодар ауданында газбен уланып қалған үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11-желтоқсан күні сағат 23.05-те Павлодар ауданы, Мичурин ауылы Набережная көшесінде орынған алған. Тұрғын үйдің пешінде ақау шығуы салдарынан сегіз, тоғыз және 10 жастағы бала газбен уланып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, балалардың жағдайы қанағаттандырарлық. - Үшеуі де облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - деді баспасөз қызметінде. - Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы. Балалар жеңіл дәрежеде уланған. Ертең үйлеріне жіберіледі.