Автокөлікпен серуендеу қашықтығы жеті шақырымнан асады және әжелер әкімдік сыйлаған күлді даңқ ескерткішінің алдына қоя алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Сегіз әженің құрметіне Chrysler 300C маркалы қызыл лимузин жалданады. Бұл көлік ауыл тұрғындары соғысқа қатысқан әкелері мен ата-бабаларының суретін алып жүретін Мәңгілік полк шеруіне қатысады», - дейді ауыл әкімі Аждар Жүсіпов.
Әкім хабарлағандай, алдымен әжелерді қызметтік көлікпен ауылдық әкімдікке апарады, одан кейін оларды лимузинге отырғызады. Көлік әжелерді әкімдік ғимаратынан №44 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасына дейін апарады. Бұл шамамен 7,5 шақырымдық жер.
«Бұл туралы әжелерге хабарланды. Олар қуанып қалды. Туған-туыстары олардың денсаулығына ерекше назар аударатындарын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер лимузинде отыратын әжелер мен тыл ардагерлеріне сыйлық әзірлеуде», - дейді әкім.
Қазіргі уақытта ауылда 35 тыл ардагері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 8 әйелі бар. Олардың ең үлкені 94 жаста
Оқи отырыңыз:
«Меломен» тобының жігіттері Байзақова мен Ninety one-ды сабауға шақырды
Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады
Елбасы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті