«Павлодар – Баянауыл» бағытында ұшақтар 25 жылдан соң қайта ұша бастады

Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы Болат Бақауов та болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы 40 минутты құрады.

Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Бұл фирманың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар. –

Бүгін біз алғаш рет Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсін жасадық, – деді ұшақтың капитаны Сергей Терехов. – Рейс ойдағыдай өтті. Баянауылдағы аэродром ұшақтарды қабылдауға толықтай дайын деп ойлаймын.


Қазіргі кезде аэродром толықтай қоршалған. Мамандар ұшу-қону алабының аумағында қосымша инфрақұрылымның құрылысы мәселесімен айналысып жатыр.