Ульяновский-Корней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман тас жолының Баянауыл - Майқайың учаскесінде көліктердің жүруіне уақытша рұқсат берілді. Құндыкөл -Теңдік көпірі су тасқыны салдарынан зардап шеккендіктен жабылды. Сәтпаев ауылдық округінде көпір жаяу жүргіншілер үшін ашық.
Баянауыл аудандық ТЖ бойынша бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Т. Ахметовтің айтуынша, 20.04.2015 жылы жағдай тұрақты. Қараащы ауылында еріген қардың суы сағасымен кетіп жатыр. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.