Павлодар Ғылыми Зерттеу институтының қызметкерлері Сібірде аграрлық ғылымдардың негізі қалануының 175-жылдық мерейтойына қатысып қайтты

Сібірде аграрлық ғылымдардың негізі қалануына 175-жыл толуына арналған мерейтой Омбыдағы ең көне ғылыми мекемелердің бірі болып табылатын Сібір ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болды. Павлодарлық ғалымдардың сапары Қазақстан ғылымының Ресейдегі күндіктеріне орайлас келді.

Сібірдегі бұл институтпен Павлодарлықтар сонау Кеңестік кезеңнен бері әріптестік байланыстар орнатқан. Атап айтсақ, Павлодарлық егіншілер Сібірде селекцияланған "Омская-9", "Омская-19", "Омская-28" атты бидай сорттарын пайдаланады. Қазір сібірлік ғалымдар "Омская-33" деп аталған жаңа бидай сортын шығарып алу үшін тер төгуде. Павлодарлық диханшылар бидайдың бұл жаңа сортына қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр. Аталмыш бидай сорттарының авторы- Ресей ауылшаруашылық ғылымдар академиясының академигі, Сібір ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының күздік жұмсақ бидай сортын селекциялау жөніндегі зертхана меңгерушісі В.Зыкин Павлодарлық ғалымдармен кездесіп, оларға институттың тәжірибелік алаңдарын көрсетті. Сонымен бірге Павлодарлық ғалымдар институттың жетекші ғалымдарымен, зертханалар меңгерушілерімен кездесті.
Павлодар ауылшаруашылығы Ғылыми Зерттеу институты қызметкерлерінің айтуынша, сібірлік ғалымдармен пікір алмасу барысында олар көптеген тың тәжірибелік мәліметтер алған. Атап айтсақ, екі жақ өсімдік ауруларын алғашқы даму кезеңінде айқындауға қатысты иммунологиялық әдістер туралы ақпаратпен бөлісті.
Сібірлік ғалымдар сондай-ақ, Павлодарлық ғалымдарды ауылшаруашылығы техникасының жаңа үлгілерімен таныстырды.
Сібірлік және павлодарлық ғалымдардың осындай бас қосуларын болашақта дәстүрлі сипатқа көшіру көзделіп отыр.