Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Кенжекөл ауылдық округінің Долгое ауылында кеше кешке 17 сағатта болған. Кабинада отырған бес жасар бала түрлі тетіктерді қозғау арқылы МТЗ-80 тракторын жүргізіп жіберу салдарынан техника сол маңда ойнап отырған бір жарым жасар бүлдіршінді басып кеткен, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Полициядағылардың хабарлауынша, жарақат салдарынан бала бірден қаза тапқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұзылған трактордың иесі - қаза тапқан баланың әкесі көрінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті