Павлодар маңында Ертіс өзенінің суы арнасынан асты

«Кесте бойынша, Жоғарғы Ертіс сарқырамасынан биыл 11 тәулікте 6,46 текше километр су төгіледі.  Судың ең көп шығыны - секундына 3000-3200 текше метр», - деп атап өтті К.Сатиев.

Басқармада жайылымның 80-90%-ын су басады деп күтуде. Су тасқыны мамырдың соңына дейін жалғасады.

Өңірде Шідерті-Өлеңті аймағындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін және Әулиекөл жүйесіндегі көлдерді Сәтпаев атындағы каналдан сумен толтыру үшін  жыл сайынға 100 млн. текше метр көлемінде су өткізу шарасы жүргізіледі. Екібастұз және Ақтоғай ауданындағы 21 мың га шабындық жерлерді су басады.