Павлодар маңындағы орман алқабынан әйел адамның мүрдесі табылды


Оның денесінде зорлап өлтіру белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала деректері бойынша ол денесі мұздап кеткеннен қайтыс болуы мүмкін. Алайда нақты диагнозы бір айдан кейін белгілі болады. Сот алды тергеу басталды.

Баспасөз қызметі қызметкері С. Мусинаның айтуынша, полицейлер әйелді әкелген таксистен жауап алды. Ер адам әйелдің мас болғанын, мекенжайы қайда екенін айта алмағанын айтты. Әйелдің өтініші бойынша таксист оны үйлердің бірінің алдына түсіріп, кетіп қалған.