Павлодар мемлекеттік университетінде грек-рим күресінен халықаралық турнир аяқталды

деп хабарланды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 35 команданың құрамында 313 жас қатысушы бозкілемге шықты.

Жалпыкомандалық есепте Павлодардың құрамасы бірінші орын алды - 10 алтын медаль, 5 күміс және 6 қола еншіледі.

Тәжікстандық Құсайын Саидов турнирдің ең үздік спортшысы атанды, қазылар алқасы «Ең үздік техника» аталымында Тимур Ақниетовты (Павлодар) атап өтті, «Жеңіске деген құлшыныс» аталымында павлодарлық Әнуар Қайдаров марапатталды.