Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Ресейде өткен «Алтын бұлғын» жүлдесіне ие болды

Бұл туралы аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға Ресейдің 35 қаласынан жарнама және қоғаммен байланыс саласындағы ұжымдық БАҚ-тар мен ғылыми зерттеу ұжымдарының өкілдері және мұғалімдер қатысты. Қазақстаннан онда екі павлодарлық болды.