Павлодар мен Қызылорда облыстарында жаңа прокурарлар тағайындалды


"ҚР Бас прокурорының бұйрығымен 2016 жылдың 10 маусымынан бастап ҚР Президентінің мемлекеттік 3 дәрежелі заң кеңесшісі Қараманов Серік Сәдуақасұлы Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

"ҚР Бас прокурорының бұйрығымен 2016 жылдың 10 маусымынан бастап ҚР Президентінің аға заң кеңесшісі Дәуешев Халидулла Зиноллаұлы Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.