48 жастағы Е.Оразалинов кейінгі кездері Павлодар облысы әкімінің іс басқармасының бастығы болып істеді.
Ол Павлодар облысының тумасы, Павлодар Индустриялық институты мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясының жанындағы менеджерлерді дайындау орталығын бітірді. Бұған дейін Е.Оразалинов Павлодар қалалық әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары, Екібастұз қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Ақсу қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Нәбиев Павлодар облыстық экономика департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Ақсу қаласында 30 мыңдай адам тұрады. Мұнда облыстағы екі ірі өндірістік кәсіпорын, "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы " АҚ-на қарасты Ақсу ЖЭС мен Ақсу ферроқорытпа зауыты орналасқан.