Оған қатысушылар - «Жолдар» павлодарлық жастар бірлестігінің мүшелері, бес күн ішінде Ақтоғай, Железі және Қашыр аудандарында болады.
«Осы жарысты «Жолдар» бірлестігінің жастары өздері ұйымдастырды. Біз осы патриоттық бастамаға қолдау білдірдік», - дейді «Нұр Отан» ХДП Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Арман Әлиакпаров.
«Туған жер-2010» акциясы қыркүйектің 26-сі күні Павлодарда өз мәресіне жетеді.