Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық іс ҚР ҚК 311-бабы 4-бөлімінің «а»-тармағы («Пара алу» бойынша қозғалды. Тергеу нұсқасы бойынша, 11 қарашада директор өзінің орынбасары және бас бухгалтерімен бірге басқа компания - «Geeker PRO» ЖШС директорынан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сервистік қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасуға 250 мың теңге сомасында параның бір бөлігін алған.