Павлодар облысы прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

Б.Қ. Мырзакеров 1975 жылы 7 сәуірде Жезқазған облысы Ағадыр ауданы Ағадыр селосында дүниеге келген.

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997-2009 жылдар аралығында әскери прокуратура органдарында түрлі қызметтер атқарған.


2009-2013 жылдары бас әскери прокурордың орынбасары болған.