Павлодар облысы: жеке фирманың қызметкерлері Т3 млн-ның ұрлануын "сахналады"

«24 жасар ЖШС қызметкерінің айтуынша, беттеріне маска киген үш белгісіз азамат автокөлікке шабуыл жасап, ішінде 160 мың теңгесі, екі ұялы телефоны, 2 млн 737 мың теңгелік алтын бұйымдары бар полиэтилен пакетті тартып алып, тайып тұрған. Оның айтуынша, қарақшылар номерсіз Mitsubishi Pajero автокөлігімен қашып кеткен. Барлық шығыны 2 миллион 897 мың болған», - деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірақ баспасөз қызметінің мәліметтерінше, полицейлер «келіншек пен сол ЖШС-те істейтін 22 жасар жүргізуші, қарақшыларды ойдан шығарып, шабуылды сахналағанын анықтап біліпті».

«Заттай айғақтар алынып, алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер әзірге «ешқайда кетпейтіндігі туралы» қолхатпен босатылды», - деді баспасөз қызметінен.