Павлодар облысында 1 азаматтың коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды.

27 наурыз сағат 14:20-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында бір азаматтың COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 125 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 61

Алматы қаласы – 48

Қарағанды қаласы – 4


Шымкент қаласы – 2

Жамбыл облысы – 3

Алматы облысы – 1

Ақтөбе облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 1

Атырау облысы – 3

Павлодар облысы - 1

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустан бір әйел адам көз жұмды. Сондай-ақ қауіпті індеттен айыққан екі адам үйіне шықты.