Полицейлердің айтуынша, Шідерті аулының Мәдениет үйінің 31 жасар күзетшісі 9 кг астам кептірілген марихуана сатпақ болған жерінен ұсталды. Кейінірек тінту барысында одан тағы 8 кг жуық кептірілмеген марихуана табылған.
"Ұсталғанның үйінің ауласындағы қорадан 6 қап шөп табылып, тәркіленді. Сараптама актісіне сәйкес, тәркіленген салмағы 82 кг 046 г "кептірілмеген марихуана" есірткі заты болып табылады. Ауыл тұрғынынан тәркіленген "марихуана" есірткі затының жалпы салмағы 99 кг асып жығылады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағының "б" тармақшасы бойынша (өте ірі көлемде есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды сату, дайындау, өңдеу, қайта өткізу немесе сату мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) қылмыстық іс қозғады. Аймақтық баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қазір ауыл тұрғыны уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оны мүлкін тәркілеумен 10 - 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Сонымен қатар, полицейлер есірткінің шыққан жерін анықтаған - тергеу барысында есірткі сатушы конопляны өзінің ауылынан 17 шақырым жерден жинап алғандығын мойындаған.
Павлодар облысының Ішкі істер департаменті бастығының Екібастұз әкіміне жүгінуінен кейін Ертіс - Қарағанды арнасының алқабындағы жабай өсіп тұрған барлық конопляны жоюға шешім қабылданған болатын.
Екібастұз ішкі істер органдарының қызметкерлері құрылыс отрядның студенттерімен берге Шідерті ауылынан 17 шақырымда орналасқан жабай өскен конопля алаңын жоюды. өртелген марихуананың салмағы, полицейлердің бағалауы бойынаша, 150 кг асып жығылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті