Павлодар облысында 11 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері сотталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

11 қатысушыдан тұратын ҰҚТ Павлодар қаласының аумағында 4 жыл бойы жосықсыз салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу мақсатында әрекет еткен. Топ мүшелері бақылауындағы 20 жалған фирма арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.

Мемлекетке ҰҚТ-ның заңға қайшы қызметінен 500 млн теңгеден астам сомаға төленбеген салықтар түрінде залал келтірілді.


Кінәлі тұлғалар 1,5 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Мемлекет кірісіне 4 пәтер және 3 автокөлік тәркіленді.

Салық төлеуден қасақана жалтару ҚР Қылмыстық кодексінің 236-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікті көздейді.