Павлодар облысында 137 кило марихуана тәркіленді

Баспасөз қызметінң түсініктемесіне сәйкес, автокөлік "Қару" шарасының аясында тексерілген. Тәртіп сақшыларының көліктің жүксалғышын ашу туралы өтінішін орындаудың орнына "Нива" жүргізушісі мен жолаушысы қашып құтылуға әрекет жасаған. Жүргізуші - 30 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталып, оның сыбайласына іздеу жарияланды.

Жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлауынша, автокөліктен 137 кило марихуана салынған 8 қап шықты.
Сондай-ақ, 3-наурызда "Ертіс" бақылау өткелегінде "Жигули" автокөлігінен жол полициясының қызметкерлері 5 кило марихуана тапты. Автокөлікте жүргізушімен бірге екі жолаушы отырған. Тәртіп сақшыларының пайымдауынша, есірткіні Ақсуда сату үшін тасымалдауға әрекет жасалған.