Аймақ аумағында қысқы мезгілде Ертіс өзені арқылы барлығы көлік өтетін бес және адамдар өтетін сегіз өткел болды. Өткелдер арқылы қожалық шаруашылықтар шөп тасыды, ауыл тұрғындары отын дайныдады.
Бүгінгі таңда тыйым салу белгілері қойылып, өткелдер жабылды. Олардың жабылғаны туралы барлығына алдын ала хабарланды.