Павлодар облысында 160 мың тонна картоп жинау жоспарланып отыр

"Биылғы жыл ауа-райы тұрғысынан алып қарағанда Павлодарлық шаруаларға аса қиын жыл болды. Соған қарамастан, көкөніс шаруашылығында, атап айтқанда, картоп егудегі қолға алынған ынта-жігердің арқасында біз жақсы түсімді күтіп отырмыз", - деп атап көрсетті облыс әкімі. Орташа түсім гектарынан 500 центнер көлемінде болады деп жоспарланып отыр.