Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.
- Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде барлығы 2864 қылмыстық іс болды, оның ішінде 1796 іс ашылып, сотқа жолданды, ашу пайызы 75,2% құрады. 2004 жылдан бері қозғалған қылмыс ашылды. Железин ауданында ер адам әпкесін өлтірген. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды, - деді Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыс: оның ішінде 1 адам өлтіру, 2 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 бұзақылық, 10 тонау, 1 қарақшылық шабуыл және 5 айдап әкету ісі ашылған.
Қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері іздеуде жүрген 50 адам ұсталды. Оның ішінде 2016 жылы кісі өлтірген бір адам Ресейде қолға түсті.
- Бүгінде полиция департаменті жедел қызметтік жұмыстың барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұрақты режимде жұмыс істеуде, - дейді Жасқайрат Қайыров.